12.09.2026, 12:30

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті.

FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті. Қазақстандық шахматшы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, 4:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті.

FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті. Қазақстандық шахматшы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, 4:0 есебімен басым түсті.

Алайда Бибісара Асаубаеваның жеке жеңісі командасының жалпы нәтижесіне жеткіліксіз болды. Параллель өткен партияларда өзбекстандық Жавохир Синдаров әлемдік рейтинг көшбасшысы Магнус Карлсеннен 0:3 есебімен ұтылса, Даниил Дубов Видит Гуджратиге дәл сондай есеппен жол берді.

Нәтижесінде Alpine APL Pipers командасы FYERS American Gambits ұжымын 9:7 есебімен жеңді.

Бұл Бибісара Асаубаеваның турнирдегі қатарынан екінші жеке жеңісі болды. Бұған дейін сегізінші турда ол Полина Шувалованы ұтқан.

Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирі Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатыр. Жарыс 13 қыркүйекте финалдық матчтармен аяқталады.