Ал Дастан Сәтпаев қазіргі уақытта жарақатына байланысты ойындарға қатыспай жүр.
Қазақстан құрамасы мен ағылшындық «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Манчестер Юнайтед» пен әзербайжандық «Сабах» арасындағы матчты «Олд Траффорд» стадионынан тамашалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық футболшының ойынға барғанын ресейлік блогер әрі «Амкал» медиафутбол клубының президенті Герман Попков әлеуметтік желіде жариялаған суреті арқылы көрсетті.
Бұл кездесуде «Сабах» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов та алаңға шықты. Ол капитан ретінде ойнап, «Олд Траффордта» Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізді. Алайда әзербайжандық клуб «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен жеңілді.
Ал Дастан Сәтпаев қазіргі уақытта жарақатына байланысты ойындарға қатыспай жүр. «Бернли» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшының бірнеше апта алаңнан тыс қалатынын айтқан. Сәтпаевтың жарақатының нақты сипаты әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, футболшы соңғы матчтарының бірінде 81 минут ойнап, алаңнан шығар сәтте жамбасын ұстап қалған болатын.