13.09.2026, 20:30

Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Приде топ жарды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нәтижесінде отандасымыз 1 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.

Көркем гимнастикадан Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO турнирінің шешуші күнінде жеке жаттығулар бойынша (үздік 9 спортшыдан) жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақмарал Ерекешева іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсеткендіктен, 4 жаттығуда да финалға өткен еді.

Нәтижесінде отандасымыз 1 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.

Шығыршық

Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.150 ұпай

Полина Карика (Украина) - 29.100 ұпай

Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.950 ұпай

Доп

Таисия Онофрийчук (Украина) - 28.450 ұпай

Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 28.000 ұпай

Полина Карика (Украина) - 27.350 ұпай

Ұршық

Таисия Онофрийчук (Украина) - 29.450 ұпай

Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.050 ұпай

Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.600 ұпай

Таспа

Лилиана Левинска (Польша) - 27.700 ұпай

Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 27.600 ұпай

Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.300 ұпай.

Осылайша, Ақмарал Ерекешева Брно қаласында өткен Гран-при турнирінің жекелеген бағдарлама түрлерінің финалында бір алтын және үш күміс жүлде жеңіп алды.