$ 450.91  522.69  5.33

Мұхаммед Әли мойындаған боксшы 89 жасында қайтыс болды

Чувало 12 қыркүйекте, туған күнінде өмірден озған. 

Фото: bbc.co.uk
Фото: bbc.co.uk

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы атағына екі рет таласқан канадалық боксшы Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сілтеме жасап.

Чувало 12 қыркүйекте, туған күнінде өмірден озған. Оның өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз.

Боксшы кәсіпқой мансабын 1956 жылы бастап, супер ауыр салмақта бес рет Канада чемпионы атанды. Ол 93 жекпе-жек өткізіп, 73 рет жеңіске жеткен. Оның 64 кездесуінде қарсыласын нокаутқа түсірген. Сондай-ақ 18 жеңілісі мен екі тең нәтижесі бар. Канадалық боксшы кәсіби мансабында бірде-бір рет нокдаунға түспеген.

Чувало әлем чемпионы атағы үшін екі рет шаршы алаңға шыққан. 1965 жылы америкалық Эрни Терреллден, ал 1966 жылы атақты Мухаммед Алиден төрешілер шешімімен жеңілді.

Чувало Мухаммед Алимен 1972 жылы тағы бір рет жұдырықтасқан. Үш кездесудің екеуінде канадалық боксшы Алиге қарсы рингке шыққан. Екі жекпе-жекте де америкалық ұпай санымен жеңіске жетті. Кейін Али Чувалоны өзі кездескен ең мықты қарсыластардың бірі деп бағалаған.

Джордж Чувало бұдан бөлек Джордж Форман және Джо Фрейзер секілді атақты боксшылармен де жекпе-жек өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0