Бұл туралы спортшы Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы спортшы Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Шымбергеновтің айтуынша, ол шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлаған. Тіпті жаттығуға кірісіп көргенімен, кейін кәсіби мансабын жалғастырмауға шешім қабылдаған.
«Бірақ, қолым жүрмеді. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шештім. Бүгінде Жамбыл облысындағы кәсіби бокс клубында басшының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін», – деді ол.
Асланбек Шымбергенов 1993 жылғы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті.
Боксшы – Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар 2019 жылы әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
Шымбергенов 2018 жылғы Азия ойындарында күміс, 2023 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысты.