15.09.2026, 11:40

«Хайпқұмар»: Еркебұлан Тоқтар мен Данияр Елеусінов сөзге келіп қалды

Фото: alyp.soq

"Жетпей тұрғаны осы еді".

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар арасында түсініспеушілік туындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасында Еркебұлан Тоқтарды хайп үшін әрекет етеді деп сынаған.

Бұған жауап ретінде Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында видео жариялап, ренішін білдірді.

Оның айтуынша, Данияр Елеусінов бірнеше рет өзін сынаған. Файтер Олимпиада чемпионының өзіне не себепті ренжігенін түсінбейтінін айтты.

«Жетпей тұрғаны осы еді. Данияр Елеусінов ағамыз менің фотомды салып: “Маған мына Олимпиада чемпионын біреуден кем санайтын хайпқуғанды беріңдерші” деп жазған. Мен бұл ағама не істеп қойғанымды білмеймін. Бірақ бір емес, екі емес. Бұл – Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсетін адам емес», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Файтер сөз соңында Данияр Елеусіновке тікелей үндеу жасап, егер онымен төбелескісі келсе, «Ruh Fighting» турниріне келіп, сонда кездесуіне болатынын айтты.

«Егер мені ұрғыңыз келіп тұрса, “Ruh Fighting»-ке келіп ұрып тастасаңыз болады. Мен ұрмайынша қоймайтын сияқты. Өздерің енді не ойлайсыңдар?» – деді ол.