Бұл туралы Tengri Sport Аргентина футбол федерациясының (AFA) баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының 39 жастағы капитаны Лионель Месси ұлттық құрама сапында тағы бір матч өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Tengri Sport Аргентина футбол федерациясының (AFA) баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони мен AFA президенті Клаудио Тапиа футболшыға арнайы қоштасу матчын ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған.
Осыған байланысты Месси алдағы жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізіміне енгізілді. Клаудио Тапиа Мессидің 6 қазанда Аргентинада жанкүйерлер алдында лайықты түрде шығарып салынатынын айтты.
Сонымен қатар Мессидің келісімімен 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жеткен футболшылардың барлығы отбасыларымен бірге арнайы матчқа шақырылмақ.
«Бұл ойын барлық аргентиналық жанкүйерлер үшін ұмытылмас оқиға болады. Олар әлемнің үздік ойыншысының соңғы биіне куә болады», – деді Клаудио Тапиа.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өз алаңында үш жолдастық матч өткізеді. Команда Боливия, Буркина-Фасо және Бенин құрамаларымен кездеседі.