Спортшы Instagram Stories парақшасында Елеусіновтің өкіліне жағдайға назар аударып, қажет болған жағдайда оған тиісті көмек көрсетуді ұсынды.
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіріп, оның менеджері Зия Әлиевке үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы Instagram Stories парақшасында Елеусіновтің өкіліне жағдайға назар аударып, қажет болған жағдайда оған тиісті көмек көрсетуді ұсынды.
«Оның басынан не өтіп жатқанын өзіңіз де көріп отырсыз. Оның промоутері ретінде Даниярға көмектесе алмайсыз ба? Егер оған мамандардың көмегі, психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болса, бұған назар аударғаныңыз жөн деп ойлаймын», – деді Аида Сатыбалдинова.
Бұған дейін Данияр Елеусінов актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды «хайп қуушы» деп атап, оны жекпе-жекке шақырған еді. Еркебұлан Тоқтар кездесуге келісім бергеннен кейін Елеусінов оны екіжүзділік танытты деп айыптаған.
Сондай-ақ боксшы бұған дейін алкогольге қатысты мәселесі болғанын ашық айтқан.