Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады.
2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді. Құрлықтық додаға Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады.
Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйек күні Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Шара Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Байрақты бәсекеге Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спортшылар 469 медальдар жиынтығын сарапқа салады.
XX жазғы Азия ойындары Жапониядағы 53 спорт нысанында ұйымдастырылады. Негізгі жарыстар Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтсе, жекелеген сайыстар Токио, Осака қалаларында және Сидзуока мен Гифу префектураларында ұйымдастырылады.