Ойынның алғашқы партиясында қазақстандық волейболшылар 27:29 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Филиппин командасын жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойынның алғашқы партиясында қазақстандық волейболшылар 27:29 есебімен қарсыласына есе жіберді. Алайда кейінгі сеттерде құрамамыз басымдық танытып, қатарынан үш партияда жеңіске жетті.
Матч қорытындысы бойынша есеп – 27:29, 26:24, 25:23, 25:19.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының топтық кезеңінде Қытай және Филиппин құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп жатыр. Турнир ережесіне сәйкес, топтағы үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді.
Бұған дейін Қытай құрамасы Филиппинді 3:0 есебімен жеңген. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Ал топтағы бірінші орын үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы кездесу 18 қыркүйекте өтеді.