17.09.2026, 15:40

Месси баспен гол соғып, рекордтық титул жеңіп алды

Фото: instagram.com/intermiamicf/

Кездесудің 21-минутында Месси Луис Суарестің пасынан кейін баспен гол соқты. 

Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси «Интер Майами» сапында кезекті трофейін жеңіп алды. Ол «Крус Асульге» қарсы Кампеонес кубогі матчінде гол соғып, командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесудің 21-минутында Месси Луис Суарестің пасынан кейін баспен гол соқты. Бұл аргентиналықтың «Интер Майами» сапындағы 100-ші голы әрі мансабындағы баспен соққан 32-ші добы болды.

81-минутта Месси Каземироның голына нәтижелі пас берді. Нәтижесінде «Интер Майами» 2:0 есебімен жеңіп, маусымдағы алғашқы трофейіне ие болды.

Бұл Мессидің мансабындағы 49-шы титулы. Осы көрсеткіш арқылы ол қазіргі футболшылар арасындағы титул саны бойынша жеке рекордын жаңартты. Оған ең жақын тұрған «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Маркиньостың еншісінде 41 трофей бар.