$ 444.58  510.29  5.27

Елена Рыбакина Қазақстанда оңалудан өтеді

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне қатыса алмайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Теннисші Цинциннатидегі WTA 1000 турнирі кезінде ахилл сіңірінен жарақат алған. Осыған байланысты ол медициналық тексеруден өтіп, кемінде екі апта емделіп, қалпына келуі қажет.

«Жаттықтырушылар штабының мәліметі бойынша, Рыбакинаны емдеу және қалпына келтіру үшін кем дегенде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне қатыса алмайды. Таяу уақытта ол денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығуларға оралуды басты назарда ұстайды», – делінген федерация хабарламасында.

Сонымен қатар Рыбакина Астана мен Алматыда балаларға арналған шеберлік сабақтарына қатысады. Алайда теннисшінің Қазақстанға нақты қашан келетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңі 23 қыркүйекте Қытайда басталады. Қазақстан құрамасы ширек финалда Испания командасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0