$ 444.58  510.29  5.27

Спорт коментаторы Ғалым Сүлейменов өмірден өтті

Ғалым Қамашұлы Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, белгілі спорт журналисі, комментатор  Ғалым Қамашұлы Сүлейменов өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ғалым Сүлейменов кім еді?

Ғалым Қамашұлы Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1996–2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып еңбек етті. 2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Ғалым Сүлейменов Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болған. Сондай-ақ белгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

SN.kz ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0