20.09.2026, 14:30

Екінші алтын! Алексей Луценко бес дүркін Азиада чемпионы атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Велоспорттан ерлер арасында жекелей сында 41 минут 24.05 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасында жекелей сында 41 минут 24.05 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар, Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында бес дүркін чемпион атанды. Ол осыған дейін Инчхон (2014жыл), Джакарта (2018 жыл) және Ханчжоу (2023 жыл) Азия ойындарында төрт алтын медаль жеңіп алған болатын.

Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).