Әділов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дәстүрлі стильдегі ММА жарысының жүлдегері атанды.
Қазақстандық файтер Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әділов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дәстүрлі стильдегі ММА жарысының жүлдегері атанды.
Спорт және туризм министрлігінің хабарлауынша, Санжар Әділовтің медалі Қазақстан үшін тарихи жетістік болды - аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.
Осылайша, Әділов ММА-дан Азиада жүлдесін иеленген алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына кірді.
XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты медаль - төрт алтын және екі қола жеңіп алды.
Санжар Әділовтің қоласы Қазақстан құрамасының Айти–Нагоядағы Азия ойындарындағы жетінші медалі болды.
Санжар Әділов - қазақстандық ММА файтері, әуесқой аралас жекпе-жектен әлем чемпионы және Alash Pride лигасының бұрынғы чемпионы. Кәсіби ММА-да ол 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.