Енді қазақстандық каратэші ширек финалда Иордания спортшысы Рахман Әбдел Әлмасатфамен кездеседі.
XX жазғы Азия ойындарында каратэден жарыстың екінші күні басталды. Қазақстандық спортшы Олжас Алтынбек алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ерлер арасындағы кумите жарысында -67 келі салмақта сынға түскен Олжас Алтынбек Камбоджа өкілі Виракбаут Чрунмен кездесті. Отандасымыз қарсыласын 3:2 есебімен ұтты.
Енді қазақстандық каратэші ширек финалда Иордания спортшысы Рахман Әбдел Әлмасатфамен кездеседі.
Айта кетейік, Олжас Алтынбек биыл жазда Индонезияда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Бұл – спортшының Азия ойындарындағы алғашқы жарысы.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы бар. Олар 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Бұған дейін Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола медаль иеленген болатын.