21.09.2026, 10:20

Азиада-2026: Қазақстандық теннисшілер Мальдивті 3:1 есебімен ұтты

Фото: ҰОК

Осы жеңістен кейін біздің құрама С тобында екінші орынға көтерілді.

Қазақстан әйелдер құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында үстел теннисінен командалық жарыста Мальдив құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшылар С тобында екінші орынға көтерілді. 

Қазақстан әйелдер құрамасы үстел теннисінен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыста екінші кездесуін өткізді.

Қазақстандық спортшылардың қарсыластары Мальдив өкілдері болды.

Кездесу 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Осы жеңістен кейін біздің құрама С тобында екінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Оңтүстік Кореяға жол берген болатын. Бұл жарыста ел намысын Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғайды.