21.09.2026, 12:40

Олжас Алтынбек Азиаданың ширек финалында жеңіліп қалды

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы жарыстың ширек финалына дейін жетті.

Қазақстан құрамасының каратэшісі Олжас Алтынбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы кездесуінде жеңілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы жарыстың ширек финалына дейін жетті. Бұл кезеңде ол иорданиялық Абдельрахман Алмасатфамен кездесті.

Жекпе-жек 8:7 есебімен иорданиялық спортшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Абдельрахман Алмасатфа жартылай финалға жолдама алды.