Финалда қытайлық басым түсті.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйелдер арасындағы - 61 кг дейінгі салмақтың финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай мен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азиада және Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы Гон Ли (Қытай) кездесті. Әлемдік деңгейдегі екі көшбасшы арасындағы тартысты жекпе-жекте ? есебімен қытайлық басым түсті.
Бүгін жарыс барысында Әсел 3 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді: 1/8 айналым: Актер Хумайра Антора (Бангладеш). Есеп: 9-1. Ширек финал: Маралжингоо Пуревжав (Моңғолия). Есеп: 6-0. Жартылай финал: Чакрия Ван (Камбоджа). Есеп: 3-0.
Кеше каратэден Жоламан Биғабыл (-55 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) чемпион атанған. Енді ертең Бэлла Самашева (-55 кг) мен Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) татамиге шығады.