21.09.2026, 15:40

Александр Бублик ATP рейтингінде ТОП-20-дан шығып қалды

Фото: ҚТФ

Бублик үшін бұл маусымдағы кезекті өзгеріс болды.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт саты төмендеп, 21-орынға жайғасты. Осылайша, қазақстандық теннисші әлемнің үздік 20 ойыншысының қатарынан шығып қалды.

Бублик үшін бұл маусымдағы кезекті өзгеріс болды. Оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіші биылғы қаңтар айында тіркелді. Сол кезде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 10-орынға көтерілген еді.

Рейтингтің көш басындағы үштікте өзгеріс жоқ. Италиялық Янник Синнер бірінші орында тұр. Одан кейін германиялық Александр Зверев пен испаниялық Карлос Алькарас келеді.

Қазақстанның өзге теннисшілері арасында Александр Шевченко бірден 16 саты төмендеп, 109-орынға түсті. Ал Тимофей Скатов бір позицияға төмендеп, 199-орынға жайғасты.