$ 447.85  513.46  5.31

Жәнібек Әлімханұлының титул үшін жұдырықтасатын қарсыласы анықталды

WBO келіссөздер туралы ресми бұйрықты жақын арада жариялайтынын мәлімдеді.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банкке (20-0, 11КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) бүгін супер орта салмақта әлем чемпионы титулына Жәнібек Әлімханұлы және Якоб Банк арасында міндетті жекпе-жекке ордер берді.
WBO чемпиондық комитеті тараптарға 15 күн ішінде келіссөздер жүргізуге және 2026 жылдың 7 қазанына дейін келісімге келуге уақыт беріледі.

WBO келіссөздер туралы ресми бұйрықты жақын арада жариялайтынын мәлімдеді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы үшін жаңа салмақта бірден әлем чемпионы атану мүмкіндігі туып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0