$ 447.85  513.46  5.31

Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін Алматыға келді

Спортшы өзінің қалада жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреті арқылы көрсетті. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыға келді. Спортшы өзінің қалада жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреті арқылы көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Теннисші Instagram-дағы сторисінде Алматы қаласының геолокациясын белгілеп, гүл шоғы мен жүлделері тұрған жерден фотосын бөліскен.

Бұған дейін Қазақстан теннис федерациясы Елена Рыбакинаның 21 қыркүйекте Алматыдағы Ботаникалық бақта журналистермен кездесіп, баспасөз мәслихатына қатысатынын хабарлаған еді.

Алайда кейін спортшының денсаулығына байланысты БАҚ өкілдерімен жоспарланған кездесу кейінге шегерілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0