$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға тоғызыншы алтын сыйлады (ВИДЕО)

Спорттық жүрістен 42,195 шақырым қашықтықты құрайтын марафонда Ясмина Тоқсанбаева топ жарды.

Фото: Арлан Олжабай
Фото: Арлан Олжабай

Спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жапонияның Аичи манифактурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Спорттық жүрістен 42,195 шақырым қашықтықты құрайтын марафонда Ясмина Тоқсанбаева топ жарды.

Отандасымыз жарыс барысында 3:22:20 уақыт көрсеткішімен үздік атанса, екінші және үшінші орын Қытай өкілдеріне бұйырды.

🥇🇰🇿Ясмина Тоқсанбаева - 3:22:20

🥈🇨🇳Данцзин Цюйцзун - 3:26:09

🥉🇨🇳Ли Ма - 3:32:26

Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен тоғызыншы алтын жүлде. Ал жеңіл атлетикадан осы Азиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0