Қорытынды есеп – 5:0.
Бокстан аса ауыр салмақта (+90 кг) өнер көрсететін Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ширек финалда ол қырғыз боксшысы Мирзакир Кошалиевті қиындықсыз жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алғашқы екі раундта төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті қазақ боксшысына берген. Алайда, үшінші раундта қапталдағы екі төреші Мирзакир Кошалиев басым болды деп есептеді. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша Айбек Оралбай осы Азия ойындарының жартылай финалына шыққан қазақстандық алғашқы боксшы атанып отыр. Финал жолдамасын ол Үндістан өкілі Нарендермен сарапқа салады.
Қазақстанның ерлер құрамасы сапында ширек финалда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Төрехан Сабырхан (70 кг) және Нұрбек Оралбай (90 кг) жұдырықтасады.