$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Жауаптылар неге үнсіз?!»: Аслан Қаженов Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайына ашуланды

"Қолдау қайда? Қорғау қайда?"

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарында алтын медалі есепке алынбаған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист спортшының нәтижесі жарысқа талапқа сай емес аяқ киіммен қатысқанына байланысты жойылғанын айтып, жауапты мамандарды сынға алды.

«Жауаптылар неге үнсіз?! Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылды. Болмайтын қателіктен. Жарыс алаңына киетін аяқ киімді дұрыс таңдамапты. Негізі бұл спортта тыйым салынған препарат қолданып, допингке іліксе немесе спорттық жүру ережесін бұзып, жүгіріп кетсе, дисквалификация беріледі. О баста осыдан қорыққанмын. Жоқ. Мұнда басқа сыймайтын олқылық. Кішкентай баланың қателігі», – деп жазды Аслан Қаженов.

Ол жеңіл атлетика федерациясы спортшыны неге тиісті аяқ киіммен қамтамасыз етпегенін және мәселе туындаған кезде жауапты мамандардың неге жедел араласпағанын сұрады.

«Халықаралық қатынастар қайда? Қолдау қайда? Қорғау қайда? Негізі қазақ қызы таза жүгіріп өтті. Айқын басымдықпен жеңді. Бірақ қолда бар алтыннан айырылып отыр. Қысқасы, жауап беріңдер! Осындайда қырылмасаң, осындайда қоштамасаңдар, осындайда бірікпесең, мың қырық бір болып жүргеніңнен не қайыр?!» – деді журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0