$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға өтті (ВИДЕО)

Төрехан Сабырхан алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.  

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Али Касим Хамдам Әл-Сарраймен (Ирак) кездесті.

Төрехан Сабырхан алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. 

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0