26.08.2014, 04:40

Таиландтық волейбол клубы Сабина Алтынбекованы сатып алмақшы

Сурет: tengrinews.kz

«Sisaket» волейбол командасы Сабина Алтынбекова 2015 жылғы Тайланд Ұлттық волейбол лигасындағы ойындарға қатысатынына үмітті, деп хабарлады Sports.kz bangkok.coconuts.co сайтына сілтеме жасай отырып.

Sisaket клубының өкілдері бұл мәселе жөнінде қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың өзімен де, ата-анасымен де келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтады.

Сонымен қатар Sisaket спорт қауымдастығының жетекшісі Сирипонг Ангкасаккулкиат айтуынша, клуб Сабина үшін 1 млн-нан 10 млн. тайландтық бат (31,3 мың - 313 мың доллар) төлеуге әзір.

Еске сала кетейік, 18 жастағы қазақстандық Сабина Алтынбекова Тайбэйде жастар арасында волейбол бойынша Азия чемпионатынан кейін белгілі болды. Қазақстандық бойжеткен сол кезде жарыстағы ең сұлу спортшы атағына ие болған еді.