$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

«Себебін кейін айтамын»: Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желі парақшасында жазды. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду ұлттық құраманың лагерінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бас бапкердің баспасөз конференциясынан және Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескеннен кейін ұлттық құраманың лагерінен кетуді шештім. Өз уақытында мені бұл шешімге итермелеген себептерді барлық португалиялықтарға айтып беремін. Енді Португалияға және барлық командаластарыма сәттілік тілейтін уақыт келді», – деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0