$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Теннисші Юлия Путинцева Азиаданың қола жүлдесін иеленді

Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.

Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#теннис