$ 441.91 € 499.05 ₽ 5.3

«Капитан ретінде барымды салдым»: Айбек Оралбай жеңістен кейін пікір білдірді

Жерлесіміз жарыстан кейін финалдық жекпе-жек туралы айтып, өз өнеріне қатысты пікір білдірді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жерлесіміз жарыстан кейін финалдық жекпе-жек туралы айтып, өз өнеріне қатысты пікір білдірді.

"Араға 12 жыл салып, Төрехан бірінші болып алтын медальді жеңіп алды. Мен де ұлттық құраманың капитаны ретінде бар күшімді салдым деп ойлаймын.

Финалдағы қарсыласыммен төртінші рет кездестім. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Азия ойындары басталғалы бері бір-бірімізге тыңғылықты дайындалдық. Өйткені финалда жолығатынымызды екеуміз де білдік.

Бірінші раунд 3:2 есебімен аяқталды. Ал екінші раундта қалай да жеңіске жетуім керек болды. Өзбекстандық боксшы да әлем чемпионатында кеткен есесін қайтаруды көздеді. Екі күн демалғаннан кейін шаршы алаңға қайта үйренісу оңай болмады. Соған қарамастан, бәрі ойдағыдай өтті. Бапкерлерімнің көмегімен жекпе-жекке тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Соның нәтижесінде жеңіске жеттік деп ойлаймын.

Барша қазақ жанкүйеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ федерациямызға және осы жетістікке жету жолында көмектескен барша жанға көп рақмет", – деді Айбек Оралбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0