$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Шерзод Давлатов әлем чемпионы Рюдзу Нагаяманы жеңіп, финалға шықты

Енді отандасымыз әлем чемпионы атану үшін әзірбайжандық Ахмад Юсуповпен сыған түседі.  

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Дзюдодан Әзірбайжан астанасы Бакуде басталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов финалға шықты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

60 келіде күрескен Давлатов шешуші сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 2025 жылғы әлем чемпионы, жапониялыұ Рюджи Нагаяманы қосымша уақытта жеңді. 

Енді отандасымыз әлем чемпионы атану үшін әзірбайжандық Ахмад Юсуповпен сыған түседі. 

Бүгінгі іріктеу бәсекелерінде Давлатов Тәжікстан және Бурунди дзюдошыларын жеңсе, 1/8 финалда Бразилия балуаны Мишель Аугустодан айласын асырды. Ал ширек финалда франциялық а: Ромен Валадье-Пикарды қапы қалдырды. 

Өкінішке қарай, аталған салмақта күрескен Аман Бақытжан, Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (екеуі де 48 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0