$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Елена Рыбакина көш басында: WTA рейтингі жаңарып, үздік үштік өзгерді

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса үш сатыға жоғарылап, 79-орынға тұрақтады. 

Фото: WTA
Фото: WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстандық Елена Рыбакина көш басында қалғанымен, үздік үштікте өзгеріс бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бірінші орындағы Рыбакина мен оны өкшелеп келе жатқан беларустік теннисші Арина Соболенко арасын 2 мыңнан сәл астам ұпай бөліп тұр. Ал, бұған дейін үшінші орында болған Джессика Пегула (АҚШ) төртінші орынға сырғыды. Оны ресейлік жас теннисші Мирра Андреева ығыстырып отыр. Андреева бесіншіден бірден үшінші орынға көтерілген.

  1. (1). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 9696 ұпай
  2. (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 7550
  3. (5). Мирра Андреева (Ресей) — 6371
  4. (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 6225
  5. (4). Кори Гауфф (АҚШ) — 5974

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса үш сатыға жоғарылап, 79-орынға тұрақтады. Қазақстан азаматтығын жуырда алған Соня Жиенбаева болса төрт сатыға көтеріліп, 387-орынға жайғасты. Жібек Құламбаевада да прогресс бар. Ол 486-дан 475-ші орынға дейін секірді.

Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина бір сатыға төмендеп, жетінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0