$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

«Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті

«Қайрат» футбол клубы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және достарына қайғырып көңіл айтты.

Фото: t.me/fc_kairat
Фото: t.me/fc_kairat

«Қайрат» футбол клубының ардагері, танымал кеңес футболшысы, қақпашы әрі қазақстандық жаттықтырушы Александр Убыкин 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Александр Убыкин 1976–1987 жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, КСРО чемпионаттарында 257 матч өткізген. Ойыншы ретінде мансабын аяқтағаннан кейін ұзақ жылдар бойы жаттықтырушылық қызметпен айналысып, соның ішінде Алматы клубының құрылымында жұмыс істеген.

«Қайрат» футбол клубы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және достарына  қайғырып көңіл айтты.

— Александр Сергеевич туралы жарқын естелік клубымыздың тарихында және жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталады, — делінген клуб хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0