$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Отандастарымыз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрлықтық бәсекеде отандастарымыз үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасты. Алғашқы екі кезеңде қазақстандық хоккейшілер жауапсыз үш гол соғып үлгерсе, шешуші кезеңде тағы екі мәрте көзге түсті. Оған қарсыластар бір голмен жауап берді. 

Оңтүстік Корея - Қазақстан 1:5 (0:1, 0:2, 1:2) 
0:1 - 03:28 - Зубкова (Олжабаева)
0:2 - 33:25 - Олжабаева (Муравьева)
0:3 - 36:31 - Әшімова (Мескини, Алдабергенова)
0:4 - 41:11 - Алдабергенова (Молдабай, Буторина)
0:5 - 50:06 - Муравьева (Молдабай, Тұрсынова)
1:5 - 58:33 - Ким Селин (Пак Чон А, Пак Чи Бн).

Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, құрлықтық бәсекеде қола жүлдегер атанды. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0