$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды

Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті.

Мерей Базарбаев финалға дейін жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен, франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0