$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Будвадағы әлем чемпионаты: 7 қазақстандық боксшы ширек финалда бақ сынайды

Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді. 

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1/8 финалдық кезеңнен сүрінбей өткен қазақстандықтар енді жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады. Бұл кезеңдегі жеңіс оларға кемінде қола медальді қамтамасыз етеді.

Ширек финалға шыққан боксшылар:

  • 50 келіге дейін: Әділ Асқанбай;

  • 55 келіге дейін: Айдос Үсенов;

  • 60 келіге дейін: Данияр Ақбисенов;

  • 65 келіге дейін: Ақжүрек Қалабай;

  • 70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай;

  • 90 келіге дейін: Еркетан Жарқынбек;

  • 90 келіден жоғары: Владислав Саможонов.

Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0