$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

BTS Аргентинадағы концертте Мессидің жейдесін киіп шықты

BTS Аргентинадағы концерттерін 23 және 24 қазанда жалғастырады. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Оңтүстік Кореяның әйгілі BTS тобы Аргентинадағы концертінде Лионель Мессиге құрмет көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Әншілер ұлттық құраманың 10-нөмірлі жейдесін киіп, футболшының голдан кейінгі әйгілі қимылын қайталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

21 қазанда Ла-Плата қаласында өткен концерт BTS тобының 2013 жылғы дебютінен бері жеті мүшесі түгел құраммен Аргентинада алғаш рет өнер көрсетуімен ерекшеленді.

«Come Over» әнін орындау кезінде бес қатысушы Месси киетін 10-нөмірлі жейдемен сахнаға шықты. Ал Чимин мен Джин Аргентина туының түстеріне сай киім киді. Топ мүшелері екі қолының сұқ саусағын жоғары көтеріп, футболшының голдан кейінгі қимылын қайталағанда, көрермендер ерекше ықылас танытты.

Топ жетекшісі RM аргентиналық жанкүйерлерге 13 жыл бойы күткендері үшін алғыс айтты.

«Ақыры осындамыз. Бұл сәтке жету үшін 13 жыл қажет болды. Бізді сүйіспеншілікпен күткендеріңе рақмет. Бұл кешті ешқашан ұмытпаймын», – деді ол.

BTS Аргентинадағы концерттерін 23 және 24 қазанда жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0