$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Серік Сәпиевтің 15 жастағы қызы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Спортшы бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызын жеңісімен құттықтады.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің үлкен қызы Аққу 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызын жеңісімен құттықтады.

«Алтын қызым, Аққу! Небәрі 15 жаста болсаң да, 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атандың! Сенімен шексіз мақтанамын, чемпион қызым! Алда сені тек алтын жүлделер күтіп тұрсын!» – деп жазды Серік Сәпиев.

Айта кетейік, Аққу Сәпиева кішкентай кезінен бастап спорттық-бал биімен айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0