$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кетті

Ол клубтың тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде ұстаған еді. 

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері болған Рафаэль Уразбахтин ел чемпионаты аяқталуға небәрі бір тур қалғанда отставкаға кетті. Соңғы матчта алматылық команда «Ақтөбемен» тең ойнап, чемпион болу мүмкіндігінен айрылған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қайраттың» баспасөз қызметі хабарлағандай, Уразбахтин қызметтен өз еркімен кетуге шешім қабылдаған. Ол клубтың тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде ұстаған еді.

Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырды.

2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0