Instagram желісіндегі matchwornroyally аккаунтының иесі футболшымен кездескен сәті туралы жазды.
Қазақстан құрамасы мен Англияның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпионшип аясында «Линкольн Ситиге» қарсы сырт алаңда өткен матчтан (1:4) кейін жанкүйерге өзінің ойын жейдесін сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Instagram желісіндегі matchwornroyally аккаунтының иесі футболшымен кездескен сәті туралы жазды. Матч басталмай тұрып, Сәтпаев оның «Челси» клубына арналған коллекциялық карточкасына қолтаңба қалдырған.
«Сәтпаев стадионға келген кезде онымен сөйлесудің сәті түсті. Ол коллекциялық карточкама қолтаңба қалдыруға ықыласпен келісті. Дастан матчтан кейін Қазақстан туы арқылы мені іздеп табуға тырысатынын айтты. Ойын соңында жанкүйерлерге қолдау көрсетіп келгені үшін алғыс білдіргеннен кейін маған өзінің жейдесін сыйлады. Мұны видеодан көруге болады. Дастан — Қазақстаннан шыққан ең жарқын футболшылардың бірі. Ол Англияда мансабын бастаған сәттен-ақ тұтас елдің үмітін арқалап жүр. Үлкен рақмет, Дастан, — деп жазды жанкүйер.
Еске салайық, аталған кездесуде Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 60 минут ойнады. Кейін оның орнына Оливер Сонне шықты. Қазақстандық футболшы «Челсиден» жалға алу шартымен «Бернли» сапында 2026-27 жылғы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.