$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Италиядағы турнирде Жания Бекмұхамбетова күміс жүлдеге қол жеткізді

Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Италия өкілі Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0), италиялық Майя Павелді (3:0), аустралиялық Алисса Йенгті (3:0) және испаниялық Кармен Гоместі (3:0) жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0