28.10.2026, 14:20

Жәмила Бақбергенова күрестен әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты

Фото: ҰОК

Осылайша Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.  

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовскамен кездесті.

Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.