$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Қазақстан құрамасы Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы Ирактың Сүлеймания қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында командалық сайыста жеңіске жетті. Отандастарымыз финалда Бангладешті 230:224 есебімен ұтты. Бұл туралы ҰОК мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті. Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0