$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Канелоның спарринг-серіктесі Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта қарсыласын нокаутқа түсірді

Ол мексикалық Маркос Родригеспен (21-3-1, 10 KO) жұдырықтасты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 KO) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Sports.kz -ке сілтеме жасап. 

Ол мексикалық Маркос Родригеспен (21-3-1, 10 KO) жұдырықтасты. Екінші орта салмақтағы 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Нұрмағанбеттің бірінші раундта нокаутпен жеңуімен аяқталды. Бұған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірген.

Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы 17-жеңісіне қол жеткізді. Ал Маркос Родригес кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет — мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің спарринг-серіктесі. Альварес Эр-Риядтағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде франциялық Кристиан Мбиллимен (29-0-1, 24 KO) чемпиондық атақ үшін кездеседі. Канелоның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 63 жеңіс, 3 жеңіліс және 2 тең нәтиже (39 нокаут).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0