$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Қазақстандық боксшылар Ақтөбедегі бокс кешінде екі белбеуді жеңіп алды

Саматәлі Төлтаев панамалық тәжірибелі боксшы Хесреэль Корралесті жеңді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық спортшылар екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Саматәлі Төлтаев жаңа титулға қол жеткізсе, Армат Арманұлы чемпиондық атағын сәтті қорғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде жеңіліп көрмеген Саматәлі Төлтаев Панама боксшысы Хесреэль Корралеспен кездесті. Он раундқа жоспарланған тартысты айқас төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Нәтижесінде Төлтаев жеңіл салмақтағы бос тұрған WBA Asia чемпиондық белбеуін иеленді.

Ал орта салмақтағы WBA Asia чемпионы Армат Арманұлы титулын қорғау үшін Уганда өкілі Шадири Бвогимен шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Бокс кешінде Санатәлі Төлтаев та қарсыласынан басым түсті. Ол Армения өкілі, IBA белбеуінің бұрынғы иегері Петрос Ананянды жеңді.

Осылайша, Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы жеңіс санын тоғызға жеткізді. Ал Армат Арманұлы мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, бір рет жеңіліс тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0