01.11.2026, 22:30

«Дайын бол, мен келе жатырмын»: Әлімханұлы Канелоға үн қатты

Фото: әлеуметтік желі

31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Канело мен Кристиан Мбилли арасында жекпе-жек өтті.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альварес Кристиан Мбиллиді жеңгеннен кейін оған үндеу жасады. Жәнібек 2027 жылы атақты боксшымен жұдырықтасуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Канело мен Кристиан Мбилли арасында жекпе-жек өтті. Мексикалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, екінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін Жәнібек Әлімханұлы Канелоға үндеу жасады.

"Дайын бол! Мен келе жатырмын", - деп жазды қазақстандық.

Канело мен Мбилли арасындағы кездесуге дейін-ақ қазақстандық боксшы келесі жылға жоспарларын белгілеп қойған болатын. Ол мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін мәлімдеді.

"Қаңтарда мен супер орта салмақта чемпиондық атақты жеңіп аламын. Ал мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесіп, титулдарды біріктіргім келеді", – деп жазды Әлімханұлы.

Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылғы 23 қаңтарда алғаш рет жаңа салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - жеңіліс көрмеген даниялық боксшы Якоб Банк, ал бәске WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы тігіледі.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы рингте әлі де өнер көрсетіп жүрген ең беделді боксшылардың бірімен жұдырықтасу ниеті туралы көптен бері айтып жүр. рерайт сұхбат сөзі қалсын