$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Нұрқожа Қайпанов: алтын медаль алып, қазақ халқын қуантқым келді

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұхбатында шешуші белдесуге баға беріп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдірді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов күрестен елордада өткен әлем чемпионатының ақтық сынында белдесіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұхбатында шешуші белдесуге баға беріп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдірді. 

"Бүгінгі белдесу мен үшін өте қиын болды. Негізі толық дайын болдым. Алайда өзіме шамадан тыс жауапкершілік жүктеп алған сияқтымын. Әсіресе командаластарымның жеңілісінен кейін ауыртпалық түскендей болды. Енді қазақ халқын қуантқым келді. Бірақ бүгінгі финалда Ресей балуаны басым түсті.

Бозкілемге шыққан сәтте қатты қиын болды. Жауапкершіліктің салмағы әсер етті ме, әйтеуір аяқ-қолым істемей қалды. Дегенмен бұл жеңілістен кейін тоқтап қалмаймыз, әрі қарай еңбек етеміз. Алдымызда әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары күтіп тұр.

Алдағы уақытта да осы салмақ дәрежесінде өнер көрсетемін. Төрт жарыс қатарынан осы салмақта күрестім. Сондықтан әлі де өзімді дәлелдеп, биік белестерді бағындыруым керек.

Өз елімізде, жанкүйерлеріміздің алдында күресу мен үшін үлкен бақыт. Осыдан жеті жыл бұрын өткен әлем чемпионатында да күміс жүлдегер атанған едім. Бұл жолы да қазақ халқының ерекше қолдауын сезіндім. Сол үшін барша жанкүйерге алғыс білдіремін", - деді Қайпанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0