«Аль-Наср» бас бапкері Эндж Постекоглу Криштиану Роналдудың Азия чемпиондар лигасы аясында «Пахтакорға» қарсы өтетін матчқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дүйсенбіге жоспарланған кездесуде 41 жастағы португалиялық шабуылшыдан бөлек, франциялық жартылай қорғаушы Кингсли Коман мен қорғаушы Мохамед Симакан да алаңға шықпайды.
Постекоглу бұл шешімді команданың тығыз ойын кестесімен және жиі сапарға шығуымен байланыстырды. Оның айтуынша, бапкерлер штабы негізгі футболшыларға қосымша демалыс беруді жөн көрген.
«Ойын кестесінің тығыздығы мен жиі сапарға шығатынымызды ескеріп, Роналду, Коман және Симаканға демалыс беруді шештім.
Маусымды қиын бастадық, дайындық кезінде де кедергілер болды. Алғашқы кезеңде командамыз толық бабында болмады. Қазір жақсы деңгейге жеттік, ертеңгі матч соны дәлелдеуі керек.
Бұл турнир біз үшін өте маңызды. Алдымызға қандай мақсат қойғанымызды жақсы білеміз», – деді бапкер матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Осы маусымда Роналду Азия чемпиондар лигасында екі матч өткізіп, бір гол соқты. Ал Сауд Арабиясы чемпионатында 10 кездесуге қатысып, жеті рет мергендік танытты.