05.11.2026, 17:00

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бірінші турда Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда жапондықтармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан 2027 жылғы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

 

Бірінші турда Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда жапондықтармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапында шабуылшылар Максим Мұхаметов (5-минут) пен Александр Мигунов (28-минут), сондай-ақ қорғаушы Кирилл Никитин (51-минут) бір-бір шайба соқты.

Жапония сапында шабуылшы Юто Танеити (4-минут) мен қорғаушы Сюнта Кимура (34-минут) көзге түсті.

Негізгі уақыттағы жеңіс Қазақстан құрамасына үш ұпай әкеліп, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді. Азия чемпионаты айналмалы жүйе бойынша өтуде, оған сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытай командалары қатысып жатыр.

Қазақстандықтар келесі кездесуін сенбі, 7 қарашада өткізеді. Қытаймен өтетін матч Астана уақытымен 13:30-да басталады.