05.11.2026, 15:50

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Фото: Инстаграм

Бір қызығы, Роналдудың Португалия құрамасындағы алғашқы ойыны Қазақстанға қарсы өткен. 

41 жастағы футболшы Instagram парақшасында ұлттық құрама сапындағы өнерін аяқтайтынын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бір қызығы, Роналдудың Португалия құрамасындағы алғашқы ойыны Қазақстанға қарсы өткен. 2003 жылғы 20 тамызда 18 жастағы Криштиану ұлттық құрама жейдесін алғаш рет киген. Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде ол екінші тайм басталғанда Руй Коштаның орнына алаңға шықты. Сол ойында португалиялықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жылдары Роналду Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрамалар тарихындағы ең көп гол соққан футболшы ретінде әлемдік рекорд орнатты.

Қыркүйек айының соңында футболшы мен Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш арасында түсініспеушілік туындаған. Норвегияға қарсы кездесуде Роналду қосалқы құрамда қалып, кейін Даниямен ойын алдында ұлттық құрама орналасқан жерден кеткен.

Кейін Криштиану бапкерді өзара келісімді бұзды деп айыптады. Осы жағдайдан соң Португалия футбол федерациясы оны 30 күнге дисквалификациялады. Ал Роналду жанкүйерлерден кешірім сұрап, жазасы аяқталғаннан кейін құрамаға қайта оралуға дайын екенін мәлімдеген.